0:00 / 0:00
Қазір аталмыш орталықтағы ұзын-сонар кезекті олқылыққа балап шағымданған тұрғындар да сап тиылған. Бұған орталық ұсынған онлайн-сервистердің жұмысы мен Egov порталындағы қызмет түрлерінің кеңеюуі басты ықпал болса керек. Десек те, жүргізуші куәлігін алуға өтініш бергендердің нәтижесі көңіл қуантпайды. Айталық, өтініш берген 3 мың адамының тек 540 -і ғана жүргізуші куәлігін алған. Орал қалалық мамандандырылған ХҚК бөліміндегі соңғы жаңашылдық - жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметінің электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл үшін көлік жүргізушісінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы шарт.