Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Миллиардтар келісім шарты

c 16:57, 04/10/2019 c 616

0:00 / 0:00

Елордада өткен іскер топтардың жиынында 16 млрд теңгенің келісім шаттарына қол қойылды. Айтулы шара «Қосалқы келісім шарт биржасында» орын алды. Енді қазақстандық өндірушілер мен тапсырыс берушілер онлайн жүйеде жұмыс істейтін болады. Жергілікті зауыттар мен қажетті бөлшектерді сатып алатын компаниялар электронды платформа арқылы байланыста болатын болады. Электронды алаңға кәсіпорындардың сұраныстары мен мүмкіндіктері шығарылады. Бизнесмендер онлайн жүйеде кіріп, қарап, қандай өнімге сұраныс артып отырғанын көре алады.

Мәтін. Биржаның негізгі мақсаты- шағын және орта бизнеске қазақстандық және халықаралық ірі компаниялармен байланыста болатын тиімді алаң құру.  Қосалқы келісім шарт биржасы болашақ серіктесті іздеуге, ірі тапсырыс берушілер алдында жергілікті өндірушінің мүмкіндігін паш етуге жол ашады.  Бұл жұмыс дүниежүзілік банкінің  бөлген 7 млн доллар қаражатына жүзеге аспақ. Осы қаржыға тасымалдаушылар қызметі дамытылады.

Әлішер Әбдіқадыров – «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» ақ басқарма төрағасы; «Осы жылы біз Дүниежүзілік банктің қолдауымен тасымалдаушылар қызметін дамыту жобасын бастадық. Оған осы банк 7 млн доллар бөлді. Ірі компаниялардың арасынан  100 тасымалдаушы таңдап алынады».

Қосалқы мердігерлер қажетті қажетті бөлшектер, бұйымдар дайындап, тасымалдайды.  Ал ірі компаниялар өз кезегінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен өз өндірісінің бір бөлігімен  бөлісе алады.  Осы мехназим арқылы импорттау мәселесін де шешуге болады. Бұл жұмыстың бәрін аранйы электронды портал арқылы жүзеге асыра алады. Сондай-ақ, қазақстандық индустрия және экспорт орталығы халықаралық сертификаттардың шығын өтейді. Олардың құны 100 мың долларға дейін жетіп жығылады. Осы соманың 70 пайызы компанияларға қайтарылады.

Әлішер Әбдіқадыров – «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» ақ басқарма төрағасы; «Сертификацияның 70 пайызын қайтарып береміз. Өте қымбат. Құны әртүрлі 60 мың доллардан 100 мың долларға дейін барады. Соның 70 пайызын өтеп береміз»

Елордада өткен қосалқы келісім шарттар биржасында еліміздің ірі компаниялары жергілікті өндірушілермен келісім шарттарға қол қойды. Мысалы, «Қазминерал» қосалық мердігерлермен 16 млрд теңгенің келісім шартына қол жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.