0:00 / 0:00
Бүгін парламент мәжілісінің депутаттары 2019 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет жобасын талқылады. Депутаттар қолдағ бар қаражаттың тиімсіз жұмсалып жатқанын сынға алды. Әсіресе, мал шаруашлығына субсидия беру үшін қажетті қаражат тапшы болып отыр. Ауыл шаруашылғын дамытуға кедергі болып жатқан тұстарын депутаттар бюджет жобасын талқылауда аңғарды.
Елде ақша бар, алайда оны жұмсау дұрыс жолға қойылмай отыр. Сол баяғы бюджет жобасын талқылауда айталатын проблема- қазына қаржысы тиімсіз жұмсалады. Ол үшін кім жауапты деген сұрақ та ашық қалып отыр. Бүгін осы жылға арналып нақтыланған бюджет жобасын қарауда депутаттар ауыл шаруашылығына қажетті қаржының тиісті жерге дұрыс жетпей жатқанын аңғарды. Мал шаруашылығын дамытуға берілетін субсидия бойынша қаржылай төлем тапшы болып отыр. Қазір олардың қазынашылығы бар ақшаны тоқтатып тастады. 2019 жылы субсидия беру жүйесі екі рет өзгертілді. Ал шаруалар болса осы субсидияға үміт артып отыр. Жылдың аяғы болып қалды, тиісті қаржы көздеген жеріне жете ме?
Мұрат Теміржанов – ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Осы бюджетте сіздер 36,5 млрд теңге асыл тұқымды мал шаруашылығына арналған субсидияны қолдамапсыздар. Сіздер қаржыгерлер жемшөп қоры болмаса, мал шаруашылығы болмайтынын, мал шаруашылығы болмаса елдегі дүкен сөрелерінде ет болмайтынын түсінебйсіздер ме? Бұл бір-бірімен байланысты ғой».
Қазақстанда ауыл шаруашылығы басым сала болып табылады. Бүгінде бұл салада ісін дөңгелетіп отырған шаруалар саны артқан. Сөйте тұра, ауыл шаруашылық өнімдерінің 40 пайызы шетелден импортталады. Отандық өнім аз. Себебі, елде ауыл шаруашылық саласын дамытуға бөлінетін субсидия қажетіне жетпейді. Бұл салада жұмыс күші де аз. Ал жоғары жақтан шаруаларға млрдтаған сома субсидияға бөлініп жатыр деп жар салуда. Сол қомақты қаржы ауылға жетпей жатыр. Мәлім болғандай, қаржы бар, бірақ ол мүлдем басқа мақсатқа жұмсалып жатыр.
Нұржан Әлтаев – ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Жыл сайын әкімдер осы ақшаларды басқа мақсатқа жұмсап жатқанын көреміз. Меніңше екі жыл бұрынғы ауыл шарушалығына арналған субсидияны басқа мақсатқа жұмсауға болмайтын норамны қайтару керек. Екі жылда әкімдіктер 85 млрд теңгені басқа мақсатқа жұмсап жіберген. Осы жылы 30 млрд. Міне ақша қайда жатыр. Ал біз бюджеттен ауылға ақша бөлу жолын іздеп жатырмыз. Әкімдер болса оны жұмсап жатыр. Мұны тоқтату керек».
Мұндай жағдай орын алмауы үшін, экономистер субсидия бермей, шаруаларға қолжетімді несие беруді ұсынады. Онда шаруалардың барлығы пайыздық мөлшерлемесі аз несиеге қол жеткізер еді. Өз кезегінде қаржы министрлігі бұл ұсыныстарды қарастыратынын айтып құтылды.
Ал шаруалар болса мал шаруашылығы атадан қалған кәсіп екенін айтады. Сондықтан еммлекеттің қоладуы-субсидия қажет деп санайды. Енді депутаттар агроөнеркәсіп саласын дамыту үшін субсидияның механизмін қайта қарауға тура келеді.