0:00 / 0:00
Орал қалалық мәслихатының 35-кезектен тыс сессиясында қала бюджеті - 56 млярд 727,1 млн. теңгеге нақтыланды. Мұндай мәлімдемені қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова өз баяндамасында жасады. Биылғы жылға арналған Орал қаласының бюджетін 5 млярд 457,3 млн.теңгеге ұлғайту жағына нақтыланды. Бұл қаражатқа құны -10,9 млн.теңге қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі тік жоспарлау, кварталішілік өту жолдарын салу, су бұру, жарықтандыру жұмыстарын жалғастыруға бағытталып отыр. Ал, 3 лярд 239,8 млн.теңге 8 тұрғын үйдің құрылысын жалғастыруға, 100 млн.теңге «Ақжайық» шағын ауданын электрмен жабдықтау жұмыстарын үйлестіруге, 238,9 млн.теңге оқулықтар сатып алуға, сондай-ақ 101,4 млн.теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге қарастырылып отыр.
Сессияда бұдан өзге қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылып, қала әкімдігі мүшелері мен дербес құрамы бекітілді.