0:00 / 0:00
ТМД елдерінің құқық қорғау органдары халықаралық деңгейдегі қылмыспен бірлесіп күресуді қолға алып жатыр. Бүгін парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығына қатысушы елдердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарап, мақұлдады.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген қағидамен ТМД елдерінің құқық қорғау органдары, қалмыстың алдын алу, онымен күресуді бірлесіп жүзеге асырмақ. Мәжілісте қаралған ратификация соны көздейді. Ендігі 7 ел қол қойған келісімге сәйкес, мемлекеттерде ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмысты ашу және тергеп-тексеруге мүмкіндік туады. Осы келісім аясында әр елдің құқық қорғау органдарында өзара байланыста болып, қандай да бір қылмыс жайында мәліметті тезарада алмасуға мүмкіндік туады. Бұның бәрі заман талабы болып табылатын технология арқылы жүзеге аспақ. Тек ағымдағы жылы біздің елмен байланысты халықаралық деңгейдегі 88 қылмыс тіркеліп отыр.
Жобаны талқылап, қарап шыққан мәжілісмендер, бүгінгі күні бұл заң құжаттың қажеттігін айтады.
21 ғасыр талабы-технология дамыған заманада осы саладағы қылмыс түрлері де өршіп отыр. Онымен күрес түрлері мен жолдарын қарастыру ақпараттық технологиялар саласындағы қоғам қауіпсіздігін сақтау маңызды екені сөзсіз. Бүгінде киберқылмыскерлердің әлеуметтік желілерге кіріп, оны басқаруды өз қолдарына алып немесе желілердегі ақпараттық алмасуды жойып, шабуылдар жасау фактілері көп. Вирустық бағдарламалар арқылы мемлекеттік органдардың жеке мәліметтерін жоюға жасалып отырған әрекеттер бар. Не керек, адам өмірін жеңілдетіп отырған технологияның қауіпі де орасан. Сондықтан бұл саладағы қылмыспен күресті күшейткен де жөн.