0:00 / 0:00
Бір қарағаннан назарға дәліз бойындағы ұзын-сонар кезек іліккенімен, кезекте тұрғандардың барлығы Электронды қызмет орталығы ұсынған еgov порталын меңгеруге ниеттілер. Ниетті болмасқа амалдары жоқ. Өйткені, енді мемлекеттік корпорация табалдырығын атаған кез келген тұрғын, өзіне керекті анықтаманы алмас бұрын, egov электрондық порталын меңгеру курсынан өтуі міндеттеледі. Бастамаға жауаптылардың айтуынша, бір күнде электронды парталды үренушілердің саны -1500 адамды алқымдаса керек. Еgov порталын меңгерген тұрғын үйде отырып-ақ, өзіне керекті мекен-жай жөніндегі анықтамадан бастап, мүлкі бары не жоғын растайтын анықтамалар легін 1 минут төңірегінде ала алады. Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет реейстрінде 701 қызмет түрі бар болса, egov порталындағы 530 қызмет түрі тұтынушыларға ұсынылып келеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы биылғы жылдың қыркүйек айының өзінде 25 мыңның үстінде қызмет түрін көрсеткен. Оның 5 мыңға жуығы электронды қолтаңба алу қызметі болып табылады. Мемлекеттік корпорация ұсынып отырған азаматтарды электронды сауаттандыру курсы, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттырып, цифрлық қызметттер алу бойынша олардың дағдыларын машықтырмақ.