0:00 / 0:00
Бүгін Орал қаласында тұратын Ұлы Отан соғысы және ішкі істер органдарының ардагері, доғарыстағы полковник Семен Данилин 105 жасқа толды. Ардагерді атаулы датамен облыс әкімі Ғали Есқалиев, ҚР ІІД ардагерлер кеңесі төрағасы генерал - майор Өмірзақ Болсамбеков, ПД бастығы, генерал Махсудхан Аблазимов құттықтады. Ғасырдан аса уақыт өтсе де қария тың әрі жігерлі. Осы жасқа жетуінің өзі жасынан әскери тәртіпке үйреніп, денсаулығын шыңдап, күткенінің арқасы деп біледі.Майдангердің қызы Татьяна Семеновна құттықтаулар үшін шынайы ризашылығын білдірді. Ол әскери қызметкерлерге сыйлықтары үшін алғысын айтып, өз өмірі туралы қысқаша әңгімелеп берді. Облыс әкімі Ғали Есқалиев пен шаһар басшысы Абат Шынбеков көненің көзі, ақылдың сөзіне айналған ел ағасына зор денсаулық тіледі. Курск облысында 1914 жылы 30 қыркүйекте шаруа отбасында дүниеге келген С.Данилин әкесінен ерте айырылды. Өзі өмір есігін ашқан жылы бірінші дүниежүзілік соғыспен Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ дерлік қатысып, 1942 жылы Брянск әскери-саяси училищесінің курсанттығынан 143-гвардиялық миномет полкы батальон командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасарлығына дейінгі жолдан өтті. Осыншама ерліктің үлгісіне айналған майдангердің өмірі көпке үлгі. Осы орайда бүгінгі ұрпақ оның ерлігін мақтан тұтады, құрмет көрсетеді.