0:00 / 0:00
Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері "Ел тірегі-2019" атты акцияға үн қосты. Аталмыш шара 18-бен 27 жасқа дейінгі ер азаматтарды күзгі әскери науқанға жөнелтуге байланысты ұйымдастырылған еді. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жеке құрамы 6 сағаттың көлемінде Бәйтерек ауданына қарасты Көшім ауылынан бастап, Орал қаласына дейін 42 шақырымды бағындырып өтті.