Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылудың жайы

c 16:01, 30/09/2019 c 536

0:00 / 0:00

Оралдықтар жылу үшін 347 млн теңгедей қарыз. Сала мамандары бұл берешектерді өндіріп алу үшін сотқа шағымданып, жеке сот орындаушылармен жұмыстанып жатырғандығын жеткізді. Бизнес өкілдері де жылу үшін 20 млн теңгедей қарыз болып шықты. Бұл қаражаттың басым көпшілігі өзін-өзі тақырға отырдық деп жариялаған компанияларға тиесілі. Қазіргі таңда әлеуметтік нысандарға өтініштер бойынша жылу беріле бастады.

Күн райының құбылып, ауа температурасының төмендеуіне байланысты облыс орталығында орналасқан әлеуметтік нысандарға біртіндеп жылу беріле бастады.Бүгінде 42 балабақшаның 36-сына жылу берілсе, 50 мектептің 10-ы әлі күнге дейін жылусыз отыр.

Ал, тұрғын үй секторына жылу үш күн бойы ауа райы он градустан төмен болып, қалалық әкімдік тиісті қаулы жариялағаннан кейін беріледі. Қаланың атқарушы билігі тиісті тапсырманы 26- қыркүйекте жүктепті. Қазіргі таңда шаһарымызда орналасқан 834 тұрғын үйде пәтер иелері кооперативі бар. Аталмыш тұрғын үйлердің 57 пайызы ғана қысқы жылыту маусымына дайын деген құжат алған. Қалғандары олқылықтарын түзетуде.

Биылғы жылы жылу электр орталығы мен жылу магистральдары жөндеуден өткен еді. Бұл үшін 560 млн теңге қаражат жұмсапты. Сондай-ақ, қазанның бірінде №4-8 магистральдардағы жөндеу аяқталмақ. Сала мамандары күні бүгінге дейін қала тұрғындары жылу үшін 347 млн теңге қарыз екендігін айтады. Аталмыш компания қыруар бережақты қайтару үшін коммуналды төлемді жылдар бойы төлемей келген азаматтарды сотқа беріп, жеке орындаушылармен қоян қолтық жұмыс жасауын күшейткен.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.