0:00 / 0:00
БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдан бастап патент негізіндегі арнайы салық режимін жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер мынадай 32 қызмет түрін қолдануға құқылы екендігін хабарлайды. Оған: фотография, аударма, мүліктік жалдау, саласындағы қызметті, бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беру, мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтері, шаштараз маникюр мен педикюр, сондай-ақ ветеринариялық көрсетілетін қызмет түрлері жатқызылып отыр. Ал, жоғарыда көрсетілген тізбеде жоқ іс-әрекетпен айналысатын жеке кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі мен тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі және жалпыға бірдей белгіленген тәртіптегі режімінің бірін таңдай алады. Ол үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсыру қажет. Хабарламаны тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады.