Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Электронды карта өз жұмысын тоқтатты

c 18:04, 25/09/2019 c 962

0:00 / 0:00

Биылғы жылдың аяғында оралдықтар қоғамдық көліктің ақысын дифференциялық жолмен төлеуі мүмкін. Яғни, жолақының құны электронды карталарда басқа, ал қолма-қол жолақысын төлеген кезде баға өзге болмақ. Сала мамандары қазіргі таңда осы жүйені енгізу үшін арнайы комиссияны жасақтап, оның алғашқы отырысы өткендігін айтады. Жаңа жүйені кеңінен қолданысқа енгізу үшін қалалық барлық автобустар электронды түрде төлем қабылдауы шарт. Бірақ, екі жыл бұрын пилоттық деңгейде тәжірбиеден өткен жоба бүгінде өз жұмысын тоқтатқан.

Оралда қоғамдық көліктің ақысын электронды түрде төлеу үшін арнайы жүйе іске қосылған-ды. Аталмыш жаңашылдық Круглозерный, Серебрековтың тұрғындарын қалаға тасымалдайтын №51 маршрутта сынақтан өтті. Араға бір жыл салып, аталмыш жаңашылдық қаланың төрт қоғамдық көлігінде тәжірибесін жалғастырып, азаматтарға қызмет жасады. Алайда, 2019 жылдың 1-шілдесінен бастап, барлық электронды төлем жүйесі істен шығып, компания өз жұмысын тоқтатты. Сала мамандары электронды жүйе он мың картаны саудаланғанын айтады.

Тасымалдаушылар жаңа жүйеден бірнеше себеп бойынша бас тартыпты.

Оралдықтардан еліміздің бірнеше қаласында жұмыс жасап жатқан жаңа жүйе турасында сұрап көрдік. Бұқара халықтың пікірі мынандай:

Ал, қоғамдық көлікте жұмыс жасайтын кондукторлар бір автобустың ішінде кем дегенде екі құрылғы орнатылуы керек деседі.

Автобустарға электронды төлем енгізу заман талабы. Себебі, заңнама бойынша атқарушы билік тасымалдаушыларға субсидия беруі шарт. Қазіргі таңда тасымалдаушылар шығын мөлшерін 3,5 млрд деп бағалап отыр. Қазіргі таңда қалалық әкімдік 190 млн теңгедей қаражат төлепті. Сала мамандары тасымалдаушылардың шын мәнінде қанша қаражат жұмсап, шығынға батқанын есептеу үшін бірнеше кретерийді есептеуі керек,-дейді. Ал, ол үшін қанша жолаушының қоғамдық көлікпен жүргенін есептеу шарт. Электронды төлем жүйесі барлық автобусқа енгізілсе, жолақыны да дифференциялық жолмен төлейтін әдіс қолданысқа енбек.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.