0:00 / 0:00
Қазақстандықтардың жартысынан көбі сыбайлас жемқорлық фактілерінің саны азайды деп пайымдайды. Бұған Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының қаржылық қолдауымен жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері айғақ. Бүгінгі күні ел халқының көпшілігі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне,Үкіметке, «Нұр Отан» партиясына, сондай-ақ БАҚ-ы өкілдеріне деген сенімдері мол. Батысқазақстандық кәсіпкерлерінің пікірінше, өрт сөндірушілер мен және салық қызметтері, жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдар мен әкімдіктерден жемқорлық әрекеттері көптеп байқалса керек.