0:00 / 0:00
БҚО Чапай ауылында орналасқан қой етін шығаратын зауыт екінші жылдан бері бос қаңырап тұр. Бұл жөнінде Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетов мәлімдеді. Жобаның құны шамамен - 3 миллиард теңгені құрайды. Қазір жергілікті билік тұралап қалған кәсіпорынның жұмысын қайта жандандыру мақсатында инвесторлармен келіссөздер жүргізуде. Балғын, әрі салқындатылған қой етін шығаратын «Батыс Марка Ламб» ЖШС -гі жеке инвестициялар мен «ҚазАгроҚаржы» қолдауымен осыдан 2 жыл бұрын іске қосылған болатын. Өнідіріс ошағының жабдықтары - 2 млрд сомаға бағаланса, оның құрылысы - 1 млрд. теңгені құрайды. Зауыттың жобалық қуаты - 350 мың бас. Мұнда жылына 5 мың тоннаға дейін ет өндіру жоспарланған. Бірақ инвестор борышқа белшесінен батқандықтан , ауқымды жоба тұралап тұр.
Қазір Ақжайық ауданына қарасты 52 елді мекеннің 30-ы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Табиғи газбен қамтамасыз ету 90% -дан асады. Ауданда халықтың әлеуметтік әлжуас топтарына арнап үш қабатты 24 пәтерлік үйдің құрылысы басталып кетті. Ауданның тағы бір жеістігі - Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылы тұсындағы Жайық өзенінен өтетін қалқымалы көпір пайдалануға берілді. Игілікті іске бюджеттен 175 миллион теңге ескерілген.
2012 жылдан бастап Ақжайық елінде кезекте тұрған адамдарға 690 жер телімдері үлестірілді. Қазіргі уақытта тағы 395 жер телімі үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып жатыр.