Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жас ескекшілердің кезекті жеңісі

c 18:10, 20/09/2019 c 795

0:00 / 0:00

Алматы қаласында 12 мен 15 жас аралығындағы оқушылар арасында каноэ мен байдаркада ескек есу бойынша «Жылдам қайық» атты Ашық Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.Сайысқа Қазақстанның 11 өңірінен 220 ескекші келді. Олар 200 және 500 метр қашықтықта сайысқа түсті.Сайысқа үздік жаттықтырушылар, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері қазылық етті.

Ашық Чемпионат қатысушылары сөреден жылдамдық алудан бастап, қашықтықты жүзіп өту, өз нәтижелерін жақсарту, спорттық шеберлігін шыңдауға үйренетінін де тілге тиек етті. Жарысқа аттанған 7 жерлесіміз 13 медалді қанжығаларына байлады. Соның ішінде байдарка Жанболат Аяулым мен каноэ Маша Бравкова 4 алтын медалді иеленсе, Мейірбек Мырзагелді, Екатерина Казанина, Вероника Куликова және Екатерина Сармина да жүлдегерлер қатарынан табыла білді.Өрендердің бүгінгі белесіне "АҚ жол" ҚДП БҚОФ-ы да қуанып қана қоймай, БҚО байдарка мен каноэ және академиялық есу бойынша федерациясына тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.

Спортшылар аз ғана үзілістен соң, жаттығу алаңынан қайта оралмақ. Өйткені, оларың алдында келер жылдың сәуір айындағы Қазақстан Чемпионатына қатысып, жеңіспен оралу, - деген үлкен мақсат тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.