Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бақытты отбасы

c 17:45, 19/09/2019 c 783

0:00 / 0:00

Орал қаласында биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 170 жанұя баспанаға ие болмақ. Оның 80-і көп балалы отбасы болса, қалғаны толық емес және мүгедек бала тәрбиелеп отырған жанұялар. Бағдарламаға қатысушылар пәтер кезегінде тұрғандар арасынан анықталады. Облыс орталығында 13 санат бойынша 19 мың адам баспанаға мұқтаж жандар ретінде тіркелген. Дәл қазір қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі кезекке сәйкес жолдама беруде. Сол бойынша тұрғындар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» барып, төлем қабілетін дәлелдеуі тиіс. Одан соң 10 миллион теңгеге дейінгі тұрғын үйді 2% несиеге ала алады.Күні бүгін шаһарда 13 азамат банктің мақұлдауынан өтіп, баспана іздеуге кірісіп кеткен. Ең бастысы несие тарихыңыз жақсы болуы тиіс.Егер банктің ережесіне сай өтпей қалған тұрғындар баспана кезектен шығарылмайды. Яғни алдағы уақытта қайтадан құжат жинап бағын сынауға мүмкіндік бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.