0:00 / 0:00
«Көкнәр» және «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Зашаған кентіндегі «Восход» гараж кооперативіндегі гараждардың бірінде есірткі заттарын заңсыз өсіргені үшін және марихуананы сақтағаны үшін 1992 ж.т. «Ж» есімді азамат анықталып ұсталған. Аталған тұлға гараждың жертөлесінде қарасора өсіру үшін барлық жағдайды жасаған, яғни жертөленің қабырғаларын пенофолмен оқшаулап, ауа айналдыратын вентиляциясы іске қосып, жасанды жарықтандырдыру жүйесін жасаған. Қажетті температураны ұстап тұру үшін радиатор да орнатқан.Полиция тінту кезінде өсірілген қарасора және пайдалануға дайын «марихуана» есірткі затын тәркілеген.