Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

4 адам сібір жарасын жұқтырды

c 19:22, 17/09/2019 c 820

0:00 / 0:00

Тағы да сібір жарасы анықталды. 16 қыркүйек күні Жамбыл облысында төрт адам сібір жарасын жұқтырды деген күмәнмен ауруханаға түсті. Бүгін елордаға келген облыс әкімі Асқар Мырзахметов  бұл ақпаратты растады. Мәлім болғандай, төрт адам да шаруа қожалығында мал сойған. Бірақ, қожалықта сібір жарасынан мал жемтігі тіркелмеген соң, карантин жарияланбай отыр.

Жақында ғана Ақмола облысында сібір жарасы тіркелген болатын. Енді көпке ұзамай сібір жарасы Жамбыл облысынан шығып отыр. Күні кеше облыстың Шақпақ ауылында мал сойған 4 азамат сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен. Облыс әкімі ол ақпараттың расталғанын айтады.

Әкім айтқандай сібір жарасын жұқтырған төрт адам қазір ауруханада ем алуда, олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда, сібір жарасы тарап отырған Жамбыл өңірінде карантин жариялауға асықпай отыр. Мырзахметовтің айтуынша, карантин жариялау үшін еліміздің бас ветеринарлық дәрігерінің ресми шешімі қажет екен. Әзірге ветеринария комитеті тарапынан ондай нұсқау болмаған. Сол себепті, жергілікті әкімдік өз бетінше  карантин жариялай алмай отыр. Қазір сібір жарасының шығу себебі анықталуда. Қылмыстық іс те қозғалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.