Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ведомствоаралық жиын

c 17:55, 17/09/2019 c 594

0:00 / 0:00

Ведомствоаралық комиссияның мүшелері халыққа қызмет көрсету орталығына қатысты айтылған сындар мен тіркелген олқылықтарды талқылады. Жиында сөз алған мемлекеттік корпорацияның өңірлік филиалының орынбасары тіркелетін олқылықтардың баршасы ғимараттың тарлығы мен мамандардың тапшылығынан,- дейді.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің жаңадан тағайындалған басшысы Ғалым Тұрсынбаев ведомствоаралық комиссиясының отырысына қатысып, жиынға төрағалық етті. Комиссия осы жиында бұқара халықтың көптеп сынына қалатын халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысына тоқталды. Жиында есеп берген өңірлік филиал директорының орынбасары мән-жайды былай деп баяндайды.

Өңірлік филиал директорының орынбасары келтірген дерекке сүйенсек, азаматтардың тарапынан бірнеше мәрте айтылып жатқан кезек мәселесі ғимараттың тарлығынан екен. Бұған қоса, орталықта қызмет жасайтын мамандар да тапшы болып отыр. Сондай-ақ, қазіргі таңда орталық азаматтарға керек анықтаманы тауып, оны қағазға басуды үйретуі керек. Мамандардың есебі бойынша, электронды жүйенің жұмысын дұрыс білмейтін азаматтарға кем дегенде 15 минуттай уақыт қажет. Халыққа қызмет көрсету орталығының бұдан басқа, анықтаманы шығаратын артық парағы мен техниканы тапшы болып отыр. Осындай мәселені тыңдаған департамент басшысы ғимарат мәселесін бірлесіп шешу қажет екендігін айтады.

Сондай-ақ, жиын барысында Бәйтерек ауданының жер телімдерін беру мәселесі де қаралып, оқушыларға жастайынан электронды үкіметті үйрету үшін халыққа қызмет көрсету орталығымен бірге меморандумға қол қойды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.