БҚО - да 70 мың азамат салық төлемей отыр. Олардың берешегі 700 млн. теңгеге жуықтайды. Егер салық төлеушілер 2019 жылдың 1 қазанына дейін берешегін өтемеген жағдайда, олардың шет елге шығуына және есепшотындағы қаражатын қолдануына шектеу қойылып, өсімпұл есептеледі. Осылайша мүлік пен жер салықтарын төлеу мерзімі өз межесіне жетсе, темір тұлпар иелері жылжымалы мүлік салығын 31 желтоқсанға дейін төлеуі керек.