0:00 / 0:00
Жыл сайын елімізде қазынадан 105 млрд теңге футболға жұмсалады. Бұл 270 млн доллар. Бүгін елордада өткен бюджет ашықтығы тақырбындағы жиында қазына қаржысының жұмсалу барысының ашықтығы, оны тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Сарапшылар, футболға кеткен млдртарды шет елден легионерлер шақырып рәсуа қылғанша, балалар спортын дамытуға жұмсаған жөн деген ойларын ортаға салды. Тіпті мектептердің өзінде спорт жабдықтары жеткіліксіз. Балаларға спортпен айналысуға жастайынан қолдау жасаса, болашақ чемпиондар ел ішінен шығар еді.
Басты қаржы құжатын талқылау барысы қашанда пікір-талас тудырады. Мысалы, АҚШ-ы алсақ, ел басшысы мен конгресстің арасында бюджетке қатысты теке-тіресті жиі бақылаймыз. АҚШ Президенті Трамп Мексиканы бөліп тұратын қамал салуға 6 млрд доллар сұрағанда, конгресс оған қарсылық білдіріп, қолдамай қойды. Біздің де басты заң шығарушы орган-парламенттің қоржынына келіп түскен бюджетті талқылау барысында, Үкіметтің қалауына қарсылық бідірген бірен-саран депутаттың даусын естисің, ал бюджет жобасын дауысқа салғанда бәрі бірауыздан қолдап, қабылдап жатады. Қазақстан Парламенті неге үкіметтің алдында осалдық танытып отыр? Сарапшылардың пікірінше, Парламент жасай алмаған шаруаны азаматтық қоғам талап етуі тиіс дейді. Ол үшін сауатты азаматтық қоғам қажет.
Ел үкіметі мұнайдан түскен кіріс есебінен квазимемлекеттік секторды көбейтті. Ірі ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар қаптап кетті. Бүгінде квазимемлекеттік сектор шағын бизнестің дамуына да кедергі болып отыр. Ал оған кетіп жатқан бюджет шығыстары жалпы еліміздің шығыс көзінің 60-70 пайызын құрайды.Сарапшылардың пікірінше, ел қазынасының қаржысын тиімді жұмсау мәселесінде Парламент өз қызметін орынды атқара алмай отыр. Үкіметтің кемшілігін көрмейді, көрсе де көз жұмады. Бұл сұрақты бюджет жобасын талқылауға етене қатысатын депутаттардың өзіне қойып көргенімізде. Мәжіліс депутаты Смирнова осы жиындағы ұсынымдарды назарға аламын деп ақталды.
Ирина Смирнова – ҚР парламент мәжілісінің депутаты.
«Мен келіп түскен бюджетті қараймын. Есеп комитетінің жұмысынан соң өзгеріс еніп жатыр ғой. Енді бәрі өзгереді. Осы жиында айтылған ұтымды ұсынымдар көңіліме қонып тұр. Оны әріптестеріме жеткіземін. Осы бюджетке қарсы дауыс беремін бе, көреміз».
Сұрауы жоқ қазынадан жыл сайын 105 млрд теңге футболға жұмсалатыны мәлім болды. Бұл қыруар қаржы шетелден легионерлер шақыруға жұмсалады. Жиында бұл қаражатты балалар спортын дамытуға жұмсаған тиімдірек болар еді деген пікірлер айтылды. Әлеуметтік желіде бюджет қаражатын тиімді жұмсалуды талап ететін деректер көп кездеседі. Тіпті сансыз халықаралық жиындарға жұмсалатын млндар да ақшаны далаға шашқанмен тең деген ойлар бар.