0:00 / 0:00
Израильдің Қазақстан мен Қырғызстандағы өкілетті елшісі Лиат Вексельман Ақ жайық өлкесіне табан тіреді. Мәртебелі мейман облыс орталығында ұйымдастырылатын айти-форумға қатыспақ. Израильдің елшісі бұл қызметіне биыл тағайындалыпты. Облыс орталығында бизнес өкілдері мен түрлі департаменттің өкілдері мен жүздескен елші еврей этносының өкілдерімен де кездесті. Жиын барысында Қазақстан мен Израильдың қазіргі қарым-қатынасы кеңінен талқыланды.