Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаза күшейтіледі

c 18:35, 11/09/2019 c 1284

0:00 / 0:00

Балаларға қатысты сексауалды зорлық-зомбылық жасағаны үшін енді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы енгізіледі. Прокуратура Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процессуалдық кодексті одан әрі жетілдіру бойынша заң жобасы әзірледі. Оған қасақана ауыр және аса ауыр қылмыстардың жеке түрлері үшін жауапкершілікті күшейту бойынша өзгерістер енгізілген. Бұл жайныда бүгін өткен брифингте Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді. Ауыр қылмыс түрлері бойынша жазаны күшейту туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында тиісті органға тапсырманы жүктеген болатын.

Бас прокуратура әзірлеп жатқан заң жобасын таныстырды. Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процессуалдық кодекске енгізілетін басты өзгеріс- ауыр қылмыс түрлері бойынша жазаны күшейту. Оның ішінде жыныстық жуыспаушылыққа қарсы қылмыс жасағаны үшін, зорлық-зомбылық пен сексуалды сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік күшейтіледі. Енді бұл қылмыстар айыпты ауырлататын жағдайлар болмаса да, аса ауыр қылмыстар санатына жататын болады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, педофилия үшін өмірбақи бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр

Ал сенатор Мұрат Бақтиярұлы әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық жасағандарды өлім жазасына кесу керек дейді.

Мұрат Бақтиярұлы – ҚР парламент сенатының депутаты
-«Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету, әйел зорлау, әсіресе жас балаларды зорлау, болмаса оларды ұрлау, адам ұрлау мәселелері бұл ауыр қылмыстың қатарына жатады. Сондықтан біздегі Қылмыстық кодекс бойынша, өкінішке қарай бұларға берілетін жаза әлі де болса жеңілдеу. Біз бір топ сенаторлар алдыңғы жылы осы мәселені көрерген едік. Ауыр қылмыстың қатарындағы қылмыстарға өлім жазасын беру керектігі туралы айтқан едік. Өкінішке қарай, ұсынысымыз қолдау таппады. Парламент мүшесі ретінде, балаға,әйел, қыз балаларға жасалатын ауыр қылмыстарға біз өлім жазасын беруіміз керек».

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейтуді тапсырған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.