0:00 / 0:00
Осыдан бірнеше күн бұрын, оқушының білім беру ұйымында сөмкесімен құлап қалғандығы туралы бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралды. Желі қолданушылары бүлдіршіннің құлап қалғандығына байланысты түрлі пікір білдіріп, баланың денсаулығына алаңдайтынын жасырмады. Санитарлық дәрігерлер 1-3ші сыныпта оқитын оқушылар 1 жарым екі келі болатын оқулық пен оқу құралдарын алып жүруі керек,- дейді. Ал, 4-5-ші сыныптың оқушылары 2-2,5 килограммнан аспайтын салмақты көтеруі тиіс.