0:00 / 0:00
Таразыдан желінбеңіз. Бүгінде базарда сауда жасайтын саудагерлердің біразы таразыдан жейтіні жасырын емес. Жалпы, таразыдан жемейтін саудагерлер кемде-кем. Мұны қазір жұрттың бәрі де жақсы біледі. Тіпті сататын тауардың салмағын арттыру үшін түрлі құйтырқылықтарға баратын саудагерлердің бұл әдеттерінен де көпшілік хабардар. Егер де осы саладан қандай бір кемішілік көріп, күмәнданатын болсаңыздар техникалық реттеу және метрология комитетінің бқо бойынша департаментініне арыздануға болады. Кісіге ақысын жегізгісі келмейтін кейбір пысықай кісілер болмаса, жұрттың бәрі бірдей базарға өз таразысын алып бара бермейді. Мұның барлығы да саудагерлердің пайдасына шешеліп жатады. Себебі таразыдан пайда тауып отырғандар аз емес. Олардың әрекеттерін көре тұра қазақылыққа салынып, әрі уақыттың тапшылығын себеп қылып, есемізді еселеп жіберіп жүргеніміз қаншама. Осы олқылықтың орнын толтыру жолында бүгінде көптеген сауда орындарында бақылау таразысы орнатылған. Елімізде шағын және орта бизнес өкілдерін тексеруге мараторя жарияланды. Деседе олардың жұмыстарынан қандай бір кемшілікті көріп, құзырлы мекемелерге шағым түсірер болсаңыз, құқыңыз қорғалатын болады. Орайы келгенде оралдықтардан осы мәселе төңірегінде ойын білдік. Түсірілім барысында көптеген сауда орындарындағы таразылардың жұмыстарынан мін таба алмадық. Алайда, азық-түлік дүкендеріне қадам басу мүмкін болмады. Өйткені, арнайы мекемелер рұқсаты қажет ақ.