Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Билет тапшылығы

c 19:00, 09/09/2019 c 790

0:00 / 0:00

Жыл соңында теміржол билеттерінің тапшылығы жойылады. Шенеуніктер осындай таудай уәдесін беріп отыр.  Ал әуе тасымалының билеттері қашан арзандайды? Ол сұраққа нақты жауап ала алмадық. Бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ел президентінің билеттерге қатысты сыни пікірі бойынша брифинг өткізген еді. Мәлім болғандай, Қазақстанның жолаушылар тасымалдау барысын неміс менеджері басшылыққа алыпты.  Жаңа басшы вагондар мәселесін, билет тапшылығын шешемін деп қол сыбанып отыр.

Теміржол қатынасында билет тапшылығы күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе жазғы демалысқа шыққандар жылда билет таппай сабылып жүреді. Ал ұшақпен ұша салайын десе, әуе билетінің құны күйіп тұр.   Билет тапшылығын ортадағы делдалдар жасанды түрде қолдан жасап отыр. Билет таппай, оны қайта сатып алушыларға барса билет бар, бірақ бағасы сәл қымбатырақ.  Алыптасарлар билетті 45 күн бұрын сатып алады, 3-4 сағат қалғанда бүкіл билет солардың қолынан табылады.  Мысалы, Астана-1 вокзалындағы 29 кассаның, тек 7-уі ғана «Жолаушылар Тасымалы» АҚ –на қарайды. Қалған 22-і жекеменшік касса. Тек Шымкенттің өзінде бір күнде алты алыптасар ұсталды.  Енді алыптасарларға қатысты жауапакершілікті күшейту көзделіп отыр.

Жәнібек Тайжанов – ҚР ИИДМ комитет төрағасының орынбасары

«Жыл соңына дейін сатып алушыларға қатысты жауакершілікті күшейтеміз. Жасанды түрде билет тапшылығын алыпсатарлар жасап отыр. Енді жасанды билет тапшылығы болмайды. Бұл жүйелі түрде жолға қойылады».

Сондай-ақ, Қазақстан Темір Жолы вокзалдарда турникет қоюды ұсынады. Бұл жолаушылардан басқа адамдарға перронға өтуге тиым салу үшін қажет.  Көрші Өзбекстанда бұл тәжірибе қоданыста бар. Шығарып салушылар вокзалда қалады да, перронға өтпейді. Бұл вокзалда мазаңды алып, билет ұсынып жүретін алыптасарлардың заңсыз әрекетіне тосқауыл болар еді. ҚТЖ Жолаушылар тасымалын басқаруды неміс менеджеріне сеніп тапсырыпты. Жаңа бас директор 30 жыл бойы теміржол саласын қызмет еткен екен. Қазақстанға енді келген неміс басшы, брифинге кешігіп келді. Ол жұмысын билет тапшылығын, вагондар мәселесін шешумен бастамақ.

Михаэль Кортюм – «жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры

«Мен бірден билет тапшылығын жоюды және вагондар проблемасын шешуді қолға алам. Келгенміне алты-ақ күн болды. Жұмысқа енді кірісіп жатырмын».

Ал әуеқатынасының билеттерін арзандату мәселесі әзірге шешіле қоймас. Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында әуебилеттерінің тым қымбат екендігін айтып, сынаған болатын.  Мемлекет басшысының тапсырмасын қалай орындаймыз деп басы қатқан шенеуніктер, билет құныны арзандату жолдарын ойластырамыз деген құр уәдемен құтылды.

Айбек Әлжанов – ҚР ИИДМ комитет төрағасының орынбасары

«Бүгінгі тариф ешбір елде жоқ тариф. Мысалы Алматы-Тараз бағытында 6 мың теңге тұрады. 20 доллар. Қай елде сондай баға бар.Екі бортпен ғана жүрді .Тағы ұшақ алса, жалпы нарыққа шектеу қоюға болмайды. Әзірге қанша ұшақ сатып алатын туралы айта алмаймын. ЭйрАстана мен ҚазақЭйр жоспарлап отыр. Ал басқалары жекеменшік ғой. БекЭйр мен Скат үнемі келіссөз жүргізіп жатады».

Шенеуніктер әуе қатынасындағы билет құнының қымбат екенін мойындайды.Оның бір себебі- авиакомпаниялар жаңа әуекемесін сатып алу керек. Ал бағасы күйіп тұрған ұшақпен кез-келген адам ұша алмайды, кей жағдайда ұшақтар жартылай бос кетіп жатады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.