0:00 / 0:00
Облыс активі жолдауда жүктелген міндеттерді нақтылап, атқарудың жолдарын қарастырып жатыр. Жиынды тізгіндеген облыс әкімі актив мүшелеріне өңірдің бүгінгі мүмкіншіліктерін жеткізіп, кезек күттірмей жүргізе беруге болатын жұмыстарды тізбеледі.
Бүгінгі актив отырысының мақсаты президенттің жолдауын тақылап, үндеуден туындайтын тапсырмаларды түгендеу. Жиында сөз алған облыс әкімі бұқара халықтың мұң-мұқтажына құлақ асу керектігін баса айтты. Батысқазақстандықтардың мәселесін шешу үшін өткен жылдан бастап облыс көлемінде "Ашық әкімдік" шарасы ұйымдастырылды. Оның аясында қабылданған талап-арыздардың 3000-ы өз шешімін тапқан. Биылғы жолдауда президенттің атқарушы билікке қоғамның тынышын алмайтын, бейбіт шеруге шығуға рұқсат беру туралы тапсырма жүктеген еді. Облыс бойынша бейбіт митингіге арналған 22 орын белгіленген.
Биыл облыста қылмыс саны 9 пайызға кеміген. Келер үш жылда ішкі істер министрлігін реформалау үшін 173 млрд теңге қаражат бөлінбек. Қаржының басым көпшілігі қызметкерлердің еңбек ақысын көбейтуге, баспана жалдауға мен халыққа қызмет көрсетуге арналған фронт офистерді ашуға жұмсалады.
Президент алғашқы жолдауында мәдениет қызметкеріне тиісті қолдау көрсетілмей, жалақы мәселесі көбеймегендігін айтып, осы салада еңбектеніп жүрген жандардың еңбекақысын көбейтуді тапсырды. Облыстық мәслихатта сөз алған мәдениет саласының қызметкері жолдауға байланысты былайша пікір білдірді.
Сондай-ақ, жиын барысында ауыл шаруашылық саласын дамытуға, пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтару ісі мен кәсіпкерлікті дамыту да назардан тыс қалмады.