Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңаөзендегі жағдай

c 18:44, 04/09/2019 c 595

0:00 / 0:00

Еліміздің бас полицейі  Жаңаөзенде заңсыз митинг ұйымдастыру шараларының жолын кесетінін айтты. Бұл жайында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Мәжіліс дәлізінде журналистер сұрағына жауабында мәлімдеді. Өздеріңізге мәлім,   қыркүйектің 2 күні  Жаңаөзенде жүздеген адам әкімдіктің алдына жиналып,  Қазақстанда қытайлық зауыттардың құрылысына тыйым салуды талап етіп, наразылығын білдірген болатын.  Кешелі-бүгін Жаңаөзендіктерді қолдаған топтар еліміздің бірнеше қаласында көшеге шығып, өз наразылықтарын білдіруде. Осы жағдайға қатысты пікір білдірген министр Тұрғымбаев Жаңаөзенде бәрі тыныш деп сендірді.

Жаңаөзенде жүздеген адам бас көтерген наразылық акциясы әлеуметтік желіде тез тарады. Олардың басты талабы- елімізде қытайлық зауыттарды салуға тиым салу. Наразылық білдірушілердің айтуынша, Қазақстанда 55 қытайлық кәсіпорын ашу жоспарланып отырған көрінеді. Мәжіліс депутаты Тарас Хитуов жерлестерінің бұл бас көтеруі орынды деп отыр.

Алайда, еліміздің бас полицейі бұл ақпарат жалған деп сендіреді. Министр Тұрғымбаевтың айтуынша, ешқандай қытайлық кәсіпорын ашылмайды. Тек бірлескен кәсіпорындар, инвестициялар бар. Ал әлеуметтік желіде қате ақпарат тарап жатыр, бұл заңсыз. Егер наразылық білдірушілер заңсыз митингке шақыратын болса, ішкі істер органдары бұл митингілердің жолын кеседі, әзірге бәрі тыныш дейді министр.

Наразылық білдірушілер сондай-ақ, жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру мәселесін де көтерді. Жаңаөзендіктердің талабы жайында бір депутат білсе, бірі енді естіп жатыр екен.

Қазақстанда қытайлық зауыттардың құрылысына тыйым салуды талап еткен Жаңаөзендіктерді еліміздің өзге өңірлері де қолдап шықты. Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Өскемен қалаларында ондаған адам көшеге шығып, қытайлық 55 зауыттың құрылысына қарсылық білдірді. Еліміздің сыртқы істер министрлігі Қытайдың ескі зауыттары Қазақстанға көшіріледі деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп отыр. Айта кетейік, осы жағдай себеп болды ма, кім білсін, Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Жаңаөзен қаласының әкімі жұмысынан кетіп, орнынан жаңа әкім тағайындалғанын  хабарлады. Алайда, бұл ауыс-түйістің  қытай зауытының құрылысына қарсы рұқсат етілмеген митингке  қатысы бар-жоғы нақтыланбады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.