0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында былтыр 135 мың киік мекен етсе, бір жылда бөкендердің саны екі есе көбейіп 217 мыңға жетті. Санақ кезінде мамандар 50 сағат бойы ұшып, 5 ауданның аумағын әуеден шолып шықты. Қазақстанда киіктің Үстірт, Бетпақдала және Орал популяциясы сынды үш аймағы бар. Соңғысы Еділ мен Жайық арасын мекендейді. Бүгінде бөкендердің 70 пайызы Батыс Қазақстан облысында сақталған. Мамандар дала еркесі атанып кеткен ақбөкендерді атып, мүйізінен пайда таппақ болған барымташылардың да бар екенін жасырмады.