0:00 / 0:00
Бір топ мәжіліс депуттатары арнайы сапармен Ақ жайық өлкесіне табан тіреді. Халық қалаулылары Бәйтерек ауданы аумағындағы бірнеше өндіріс ошақтарын аралап, зауыттардың әл-ауқатымен танысып, бұқара халықтың жағдайына қанықты.
Бұл -Бәйтерек ауданындағы астық шығарумен айналысатын зауыт. Аталыш кәсіпорында 120-дан астам адам жұмыс жасап жатыр. Зауыт өткен жылы 27 мың тонна астық шығарған. Өнімнің басым көпшілігі шетел асып, экспортталып жатыр.
Мәжіліс депутттары өндіріс ошағын аралап, зауыттың тұрмыс-тіршілігімен танысып, ауыл шаруашылық саласында атқарылып жатқан жұмысты былайша бағалады.
Мәжіліс депуттатары жыл бойы қабылдаған заңнамалардың жергілікті жерде орындалуын қадағалау мен бұқара халықпен жүздесу үшін 4 мезгіл өңірге сапарлайды.