Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО балық азайып барады

c 18:21, 27/08/2019 c 601

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында балық жойылып барады. Соңғы үш жылда балықтың саны көлемі он есеге азайған. Бұндай жаға ұстатар жаңалықты "Қорғаушы" қоғамдық қоры жеткізді. Аталмыш қордың өкілдері облыстық мәслихатта арнайы жиналыс ұйымдастырған болатын. Шара барысында жалға берілген облыстық су айдындарының жағдайы талқыланды.

Бүгінгі таңда БҚО 220-ға жуық су айдыны бар. Олардың 31-і жекенің қолына берілген. Балықшылар соңғы жылдары бизнес субьектілеріне жалға берілген су айдындарында балықтың азайып бара жатқандығын айтады. Мамандар бұның себебін, шабақ жіберудің ақсап тұрғандығымен байланыстырады. Құзырлы мекеме жалға берілген су айдарын толықтай бақылауда ұстай алмағандықтан, оларға балықшылар көмекке келіпті. Олар арнайы "Қорғаушы" атты қоғамдық қор да құрған.

Балық шаруашылығымен айналысу үшін келісімшарт бизнес субьектілері мен мемлекеттік органдар арасында конкурс аясында жасақталады. Су айдындарын жалға беруілуі қатаң бақылауда болып, кейін, жекенің қолына өткен кезде, оның жағдайы жіті тексерілмей жатады. Осыған байланысты жиын барысында жалға берілмек болған су айдындарының жағдайы толықтай тексеріліп, оның айдынның хал-ақуалын ескерту керектігі айтылды.

Шабақ жіберу жоспардан артық орындалып жатса да, әлі күнге дейін өзендерде балық тапшы. Табиғатты пайдаланушылар өз қаражаттарының есебінен кішкентай балықты сатып алып, оны айдындарға жіберулері керек. ертеректе, кәсіпкерлер балықты Ресейден сатып алып келген. Қазіргі таңда, көрші елден сауда жасағаннан гөрі, кәсіпкерлерге жергілікті нарықтан 30 пайызға балықты арзан сатып алған тиімдірек көрінеді. Бірақ, сол күйі балықтың қарасы аз. Табиғатты пайдаланушының бірі балық санының аздығын былай деп түсіндіріп отыр.

Мәслихаттың бұрынғы депутатты Жайықтың мәселесін еске алды. Экс-депуттат өзенде балықтың жоқтығын да тоқталған еді. Ол бұның себебін судың аздығымен байланыстырады.

Балықшылар жағдай бұлай жалғаса берсе, балық мүлдем жойылып кетеді ме деген алаңдаушылықтарын жасырмайды. Шараға қатысушы азаматтар балық аулауға қатысты шектеу қою мен су айдындарын жалға бермеу деген ұсыныстарын білдіріп, мәселені облыс әкіміне жолдап отыр.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.