Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспана дауы

c 18:05, 26/08/2019 c 546

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтанда мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар өз талабын алға тартты. Олардың басты талабы - мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларын жеке баспана кезегіне қою. Себебі, бүгінде көпбалалы аз қамтылған отбасыларын қамтимыз деп сабылып жүрген Үкімет, мүгедек баласы барлардың мәселесін ұмытып кетті деп, налиды аналар. Бүгін он шақты ана еңбек министрлігіне келіп, құзырлы органдардан жауап талап етті.

Үкімет көпбалалы аз қамтылған отбасының әлеуметтік жағдайын қамтимыз деп сабылып жүріп, туғанынан мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардың мәселесін ұмытып кеткен дейді, бас көтерген аналар. Олардың айтуынша, баспана кезегінде де кейінге шегеріліп қалған. Себебі, қазір баспана беру мәселесінде аз қамтылған көп балалы отбасылары бірінші тұр.  Ал мүгедек баламен не  жұмыс істей алмай, не мемлекет беретін жәрдемақыны қажетіне жеткізе алмай жүрген аналар « біздің жайымыз не болмақ»- деп налиды.

Осы мәселеге жауапты еңбек вице-министрі болса, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына 82 мың теңге жәрдемақы төленіп жатыр дейді. Сондай-ақ, қажетті гигиеналық заттарды, арбасын да тегін береміз деп ақталды.

Құзырлы орган аналардың «жеке кезекке тұрғызу» туралы ұсынысын заңға енгізсе, бұл мәселені қарастыруға дайынбыз дейді.

Еңбек министрлігі өз тарапынан мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларына баспана беру көлемін 20 пайызға арттыру туралы  ұсыныстың Президент әкімшлігіне жолданғанын мәлімдеп отыр. Жалпы республика  бойынша 512 мың адам баспана кезегінде тұр. Оның 45 мыңы Нұр -Сұлтандықтар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.