0:00 / 0:00
Орал қаласында білім беру саласын модернизациялауға бағытталған тың жоба іске қосылмақ. Аталмыш жобаны жасақтауға облыстық әкімдік мұрындық болып отыр. Сала мамандары жаңа жоба колледж бен жоғарғы оқу орындарын аяқтаған түлектерді екі жұмыс етіп қайта даярлықтан өткізбес үшін ендіріліп жатырғандығын айтады.
Бүгінде еліміздегі білім саласына тың әдіс-тәсілдер мен түрлі жаңашылдықтар еніп жатырғаны белгілі. Еліміздегі Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілдері мұғалімдер заманауи әдіс-тәсілдерден тыс қалмай, жаңашылдықтан бастарын ала қашпай, баламен етене жақын араласып үздіксіз дамып отыруға үндейді. Сол себепті оқытушылар даярлайтын барлық дерлік оқу ордалары енді жаңаша бағытта оқыту жобаларын қолға алады.
Қазір арнайы колледж педагогтарына арналған 108 әдістемелік бағдарлама әзірленген. Онлайн түрде мемлекеттік және ресми тілде баяндалған көмекші құралдар да жасақталыпты. Шарада сөз алған облыс әкімі Елбасының біздегі барлық білім беру жүйесіне Назарбаев зияткерлік мектебінің үлгісі мен жүйесі енгізілу керектігін атап өткендігін тілге тиек етті.
Енді алдағы екі жыл бойына колледж педагогтарына арналған семинарларды шетелдік мамандар ұйымдастырып, ұстаздардың білім-білігін дамытпақ.