Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екі сиырмен жан бағу

c 17:56, 26/08/2019 c 1412

0:00 / 0:00

Жаңадан тағайындалған Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев екі сиыр түгілі біреуімен де күн көруге болатынын айтты. Бұл жайында ол елордада "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының ашылу салтанаты барысында мәлімдеді. Еске сала кетейік, екі сиырға қатысты әңгіме  Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев   қолын жайып көмек сұрай беретіндерге "екі сиыр сатып ал да, өзіңді асыра" деп кеңес берген еді.

Нұр-Сұлтанда "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды.

Орталық 70-ке жуық мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда халыққа қызмет көрсету орталығы іспеттес. Бір терезеден қағидаты бойынша қала тұрғындарына  қажетті кеңестер беріледі. Әсіресе өз құқын білмейтін, сауатсыз азаматтар үшін қажет деп отыр орталық өкілдері. Бұл жерде әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы аналарға басымдық жасалады. Қала әкімінің ашық қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. Сондай-ақ, психологиялық көмектер ала аласыз. Кәсіп ашам десеңіз тегін кеңесті осы жерден табасыз.

Жаңа орталықтың ашылуына  Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Алтай Көлгінов келіп, оның жұмысымен жіті танысты. Соңғы күндері талқыға түскен екі сиырдың мәселесіне қатысты  әкім мен вице-премьердің  пікірін білген едік. Сапарбаев, екі сиыр түгілі біреуімен де күн көруге болады деді.

Әкім болса, несиеге 300 мыңның смартфонын алғанша сиыр алыңыз деген кеңесін айтады.

Еске сала кетейік, екі сиырға қатысты әңгіме  Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынан соң туныдаған еді. Жиын барысында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев   қолын жайып көмек сұрай беретіндерге "екі сиыр сатып ал да, өзіңді асыра" деп кеңес берген болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.