Оқиға салдарынан үш адам жарақат алды.
Сурет : zakon.kz26 Тамыз 2019, 16:09
Алматы полициясы адамдарды көлікпен қасақана қағу оқиғасына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 26 тамызда таңғы сағат 5 шамасында Алматының Бостандық ауданындағы Гагарин көшесінде болған. Оның алдында сол маңайдағы кафелерден шыққан екі топ бір бірімен келіспей, сөзге келіп қалған.
- Кикілжің нәтижесінде екі тараптың бірі қарсыластарын көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Олардың аты-жөндері анықталды, оларды қамауға алу шаралары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы 293, 345 2-б және 347 баптар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Алматы ПД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.
Полиция атап өткендей, оқиға салдарынан үш адам жарақат алды, олар ауруханаға жеткізілген.
0:00 / 0:00
0:00 / 0:00