0:00 / 0:00
БҚО балабақшалардың бірінде тәрбиеші өз баласына өзге бүлдіршінді сабатқан. Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті. Әуесқой түсірілімге көз жүгіртсек бір топтағы екі бүлдіршіннің арасындағы түсініспеушілікті көруге болады. Яғни, қаршадай қыз бала ұл балаға әлімжеттік жасауда. Тіпті қауқарсыз баланың қорыққаннан қарсы шығуға шарасыздыңы байқалып тұр. Бұл келеңсіз жайды белгісіз біреу бейнекамераға түсіріп отыр. Дүйім жұрттың жағасын ұстатқан осы оқиғаны облыстық білім басқармасы мамандары қайда және қашан болғандығын анықтады. Басқармасының бөлім басшысы Светалана Темірғалиеваның айтуынша, бұл оқиға Шыңғырлау ауданындағы «Қызғалдақ» бөбекжайында болан. Ал бейнежазба авторы балбақша қызметкері көрінеді.