Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауыл мектебі дамымай жатыр

c 17:54, 22/08/2019 c 1152

0:00 / 0:00

Елордалық ұстаздардың тамыз конференциясында білім сапасын дамыту, бала-бақша мен мектептер санын арттыру, ауыл мектептеріне назар бөлу мәселесі талқыланды.  Жиынға қатысқан қала әкімі Алтай Көлгінов ауыл мен қаланың айырмашылығы азаю керек  деген ойын ортаға салды.

Ауылдағы білім сапасы мен мектептердің жағдайы жақсаратын болса, ішкі миграция азаяды. Бұл елорда әкімі  Алтай Көлгіновтің жеке пікірі. Себебі, жылдан-жылға ел астанасына көшіп келіп жатқандар саны мыңдаған адамды құрайды. Әрине қаланың халық санын артады, бірақ бұл мектептердегі орын тапшылығын тудырып отыр. Бүгінде елордада жеті бірдей мектеп   үш аусымда оқытуға мәжбүр. Бір сыныпта  қырық балатын отыратын мектептер де бар. Көшіп келіп жатқандардың басым бөлігі ауыл халқы. Ауыл неге жапапй қалаға көшеді? Себебі ауылда білім сапасы төмен. Кез-келген ата баласының сапалы білім алғанын қалайды. Ауыл оқушылар қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінен қалып қойып жатыр. Интернет жоқ, компьютер ауыл балалары үшін арман.

Алысқа бармай-ақ, Нұр-Сұлтан маңындағы ауылдарда да жағдай керемет емес. Енді әкім  елорданың іргесіндегі ауылдарға арналған жоспар құрып отырғанын айтады.

Елорданың өзінде мұғалім жетіспейді. Нұр-Сұлтанға 200 педагог қажет. Ал биыл мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балалар саны 20 мыңды құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.