0:00 / 0:00
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі биыл әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларына мектеп формасын сатып алуға арнайы сертификаттар табыс етті 8 мыңға жуық сертификат берілді. Бұл әрине аз қамтылған отбасы үшін емктеп алдындағы үлкен көмек. Алайда, қолына 30 мың теңге сертификатын ұстап мектеп формасын алуға барған ата-аналар бірқатар келеңсіздіктерг тап болып жатыр. Неше күннен бері белгіленген 7 дүкеннен қажетті мектеп формасын алу үшін ұзын-сонар кезекте тұрған ата-аналар ашулы. Олардың айтуынша белігленген сауда орындарының бәрінен бірдей қажетіңді таба алмайсың, киімнің өлшемі келмейді.
Мәтін. Нұр-Сұлтан әкімдігі мектепке жол акциясымен 8 мыңға жуық сертификатты аз қамтылған отбасыларға табыс етті. Мұнымен қоса, әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына мектепке қажетті кеңсе тауарларын сатып алып, тарату. Былтыр елордада осындай көмекке қажет 1700 бала болған болса, биыл оның саны 12 мыңға жеткен. Сондықтан әкімдік бір баланың мектеп формасын алуға 30 мың теңгелік сертификат беріп отыр. Яғни жалпы 200 млн теңге қаражат бюджеттен бөлінді. Қала әкімі осы қолдауға мұқтаж отбасылары бұған разы дейді.
Әкім айтып тұрғандай қуанып жатқан ата-аналарды көрмедік. Қолдарына әкімдік сертификатын, екі-үш баласын ертіп белгіленген 7 дүкенді аралап, сарпылған ата-аналар ашулы. Себебі, аталған сауда орындарында мектепке қажетті киімнің бәрін табу мүмкін емес, сондай-ақ киім өлшемдері келмей жатыр. Сауда орнына жиналған адамдар саны қалың. Дүкенге сыймай, ұзын-сонар кезекте тұр. Жылаған бала, ашуланған ана.
Алтай Көлгінов 30 мың теңгелік сертификатқа қандай мектеп формасын сатып алуға болатынын да есептеп берді.
Сатушылар болса, мектепке жол акциясының тым кеш басталғанын айтады. Әкімдік сертификатын тамыздың 20-да таратуды бастаған еді. Жаңа оқу жылына санаулы күн қалғанда ата-аналар жаппай сауда орындарын аралап жүр. Осының салдарынан да дау туып отыр.
Бейбіт Күлшікбаева – Тігін компаниясының директоры
-«Олар дұрыс киім жоқ дейді. Керегін бір дүкеннен таба алмай жатыр. Жоқ киімді басқа дүкендегі киіммен ауыстыр деп, талап қояды. Қысқы киім сұрайды. Қысқы киім бізде бар. Бір келгенде екі-үш баламен келеді. Адам көп. Бұл акцияны шілденің 20-да бастағанда мұндай қарбалас болмас еді. Күніне 100 адамнан келіп тұрушы еді. Қазір бір келгенде 500 адам кеп жатыр. »