0:00 / 0:00
Оралда 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінінің мамандары таратқан мәліметке қарағанда, оқиға кеше жас натуралистер стансасы ауданында Шаған өзенінде болған. 2005 жылғы жасөспірім шомылуға тиым салынған жерден суға түскен. Сағат 17.04-те құтқарушылар мүрдені іздеу жұмыстарына кірісіп, бір сағаттан соң марқұмның денесі судан шығарылды. Осыған дейін өңірде 26 адам суға кетсе, соның жетеуі балалар болып отыр.