0:00 / 0:00
Бүгін осындай атаумен орталық қалалық кітапхана қабырғасында өлкеміздің дарынды жастары өз жұмыстарымен оқырмандарды таныстырды. №19 Жалпы орта білім беретін мектептің алтын белгі иегері, қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универсиетінің студенті Аяжан Калиоллина шетел классиктерін өз тілімізде сөйлетіп, көзге түскен. Жас аудармашы 9-сыныптан бастап шетелдің танымал шығармаларын төл тілімізге аударып жүр. Мәселен, ол 9 - сыныпта Элизабет Стаклидің "Магнолия кварталы" кітабын қазақ тіліне аударса, 10 - сыныпта Чарльз Диккенстің "Оливер Твистің бастан кешкен оқиғалары" шығармасын тәжімалап, 11-сыныпта Генри Джеймстің "Лондон өмірі" атты кітабын аударумен көпшіліктің ықыласына ие болды. Бір қызығы, бұл еңбектердің барлығына мектеп бағдарламасы мұрындық болса керек. Жас аудармашы келешекте өз шығармашылығын ғылыми бағыттағы туындыларымен байланыстырмақ. Әсерлі кеште жас ақын "Сағыныш сынықтары", "Ойнайық та ойлайық" атты кітаптарының авторы Аида Хасанованың "Өмір новелласы" кітабының таныстырылымы өтіп, адамның рухани азығы - кітап кеңінен насихатталды.