0:00 / 0:00
Кеше арнамыздан Тасқала ауданында тұлпарлардың қорадан ұрланғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Сол сюжетіміздің ішкі істер органдарының іздеу жұмыстарын жүргізуіне себі тидіме бүгін полиция қызметкерлері алты рет жылқы ұрлаған азаматтың қолға түскендігін хабарлады. Құқық қорғаушылар жылқы ұрлауды кәсіп еткен 45 жасар алаяқты Бөкей Орда ауданында қолға түсірген. Тергеу жұмыстары барысында баукеспенің он жылқыны қолды қылғандығы анықталып отыр.
Қазіргі таңда қылмыскерге ҚР қылмыстық кодекстің 188 бабы 3-ші тармағы бойынша іс қозғалды.