0:00 / 0:00
Сенбі күні батысқазақстандық бір топ армян ұлтының өкілдері өздерінің "Вардавар" мейрамын тойлады. Аталған мерекенің жалпы бес мың жылдық тарихы бар екен. Мейрам христиан пасхасы аяқталғаннан кейін, 98 күннен соң аталып өтіледі.
Қалалық демалыс және мәдениет саябағында армян халқының ұлттық мейрамы "Вардавар" мерекесі тойланды. Түрлі ұлт пен ұлыстың қасиетті ордасына айналған елімізде соңғы жылдары әрбір ұлт өкілдерінің мерекелері дәстүрлі түрде атап өтіліп келеді. Мерекеге келген бұқара халықтың қарасы қалың. Оралдықтар мейрамға белсенді қатысып, ән айтып, би биледі.
Армян халқы христиандардың пасхасы өткеннен кейін, 98 тәуліктен соң, "Вардавар" мерекесін тойлайды. Аталмыш мейрамның 5000 жылдық тарихы бар. Вардавар мерекесінде меймандар бір-біріне су шашып, ер азаматтар сүйгендеріне қызыл раушан сыйлап, сезімдерін білдіреді. Көне мерекенің шығу тегіне байланысты аңыз-әңгімелер өте көп.
Биыл облыста варвадар мерекесі осымен үшінші жыл тойланып отыр.