0:00 / 0:00
Орал қаласында мектеп жәрмеңкесі басталды. Жыл сайын ұйымдастырылатын шара республикалық "Мектеп жол" акциясын қолдауға бағыттылып отыр. Қазіргі таңда жәрмеңке Дина Нұрпейісова атындағы көшеде орналасқан.
Дина Нұрпейісова атындағы көшеде дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі басталды. Жәрмеңкеге 170 кәсіпкер тартылып отыр. Орындар бизнес субьектілеріне тегін беріліп отыр. Басты мақсат: сауда қызған кезде, әлеуметтік тұрмысы ақсап тұрған отбасыларға көмектесу. Биылғы науқанға қатысқым келеді деп 200-ден астам кәсіпкер өтініш білдіріпті.
Оқу-құралдарын саудалайтын кәсіпкерлердің арасында жыл сайын жәрмеңкеге қатысатын, бизнес субьектілерінің қарасы қалың. Олар аталмыш акцияның тиімді екендігін айтады. Мектепке қажетті құралдардың бағасы өткен жылғымен бірдей көрінеді. Сондай-ақ, кәсіпкерлер әлеуметтік тұрмысы ақсап тұрған жандарға жеңілдік жасаймыз,-дейді.
Саудагердің сөзінше, бір баланың мектеп құралдарын алу үшін ең кемі 3000 теңгедей қаражат керек. Оқу-құралдарының құны таңдау мен бағаға байланысты құбылып отыратындығы белгілі. Ал, кәсіпкерлер жәрмеңкеде тауар құнын нарық бағасынан арзан қылады ма әлде керісінше қымбат саудалай ма деген сауал уақыттың еншісінде. Аталмыш мектеп жәрмеңкесі 1- қыркүйекке дейін жалғаспақ.