0:00 / 0:00
Қалалық әкімдікте өткен жиында күллі мұсылмандар үшін қасиетті парызының бірі құрбан айт мерекесінде құрбан шалатын орындары белгілі болды. Биыл қасиетті мерекеде мал соютын 3 орын белгіленген. Яғни, азаматтар "Ел ырысы", "Кублей" мен "Батыс адал еттің алаңында парыздарын орындай алады. Жиын барысында сөз алған облыстың өкіл имамы құзырлы мекеме мамандарына қоғамдық тәртіп, сауда-саттық ережелеріне қатысты туындаған тұрғындардың өтініш-тілегін жеткізді. Қазіргі таңда құрбан айттың қай күнге белгіленгендігі әзірге белгісіз.