Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлттық банктың кеңесі

c 17:35, 26/07/2019 c 818

0:00 / 0:00

Биылғы жылдың алты айында Ұлттық банктың өңірдегі филиалына бұқара халықтан 80-нен астам арыз- шағым келіп түскен. Азаматтар түрлі қаржы саласындағы сауалдарын жолдапты. Сала мамандарының сөзіне сенсек, шағымдардың 90 пайыздайы екінші деңгейлі банктерге байланысты болыпты.

Осыдан бес жыл бұрын Ұлттық банктың әрбір филиалында азаматтарды қабылдау жобасы іске қосылды. Аталмыш жаңашылдық банк заңнамасына сәйкес бұқара халықтың қаржы саласындағы құқығын қорғап, азаматтарды толғандырған сауалдарына жауап беруді көздейді. 2019 жылдың 1-ші жарты жылдығында өңірдегі Ұлттық банкке 80-нен астам батысқазақстандық түрлі арыз-шағымымен келіп, мамандармен кеңесіпті.

Арыз-шағымдардың басым көпшілігі екінші деңгейлі банктердің жұмысына қатысты екен. Азаматтар банктен несие алып, оны тағдырдың түрлі соқпағына байланысты уақытылы төлей алмай, тығырақтан шығудың жолын іздеп, Ұлттық банктен кеңес алатын жандардың қарасы көбейді,- дейді мамандар.

Сондай-ақ, азаматтар жаңадан қолданысқа енген коллекторлық компаниялардың жұмысына байланысты көптеп кеңес алады. Жаңа заңнамаға сәйкес, аталмыш компаниялар азаматтарға тәулігіне бір рет ғана хабарласулары керек. Ал, қарызды өндіретін қызметкерлер борышкерлерге дүйсенбі мен жұма аралығында кешкі сағат алтыдан кейін және демалыс күндері мазалауына болмайды. Егер коллекторлық компанияның мамандары сіздің ар-ожданына тисе, құқығыңызды сотта қорғауыңызға болады.

Ұлттық банкке арыз шағымдарын жолдаған жандар арасында сақтандыру компаниялардың жұмысын сынаған азаматтар да болыпты. Барша кәмелет жасына толған, қаржы саласында түрлі сауал толғандырған жандар ұлттық банктың азаматтарды қабылдауынан тегін кеңес ала алады. Сала мамандары дүйсенбіден жұмаға дейін таңғы 8-ден кешкі 17-30дейін қызмет жасайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.