Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Газ тартқан құтылып, тұтынған тұтылып жатыр

c 18:26, 23/07/2019 c 920

0:00 / 0:00

БҚО - да үйлеріне заңсыз газ қосып алғандар анықталып, олар көгілдір отын көзінен ажыратылып жатыр. "ҚазТрансГазАймақ" мекемесінің мамандары үйлеріне заңсыз көгілдір отын қосып, оның қызығын көріп отырған тұрғындарды осылайша жауапкершілікке шақыруды көздеп отыр. Ал, тұрғындар болса біздің арнамызға хабарласып газ өткізу жұмыстарының бәрі заңды екендігін айтып шағымданып отыр.Сонымен кімнің әрекеті заңды.Газды тұрғындар заңсыз қосып алды ма, әлде "ҚазТрансГазАймақ" заңсыз әрекетке барып отыр ма.«Даудың басы даурабайдың қызыл сиыры» демекші бұл жерде бар пәле тұрғындарға газды өткізіп берген мердігер компанияларда жатыр.Тұрғындар ешқандай арам ойға бармастан үйіңізге газ тартып береміз деген компания өкіліне ақшаны ұстатып, ешқандай келісімшартқа отырмастан үйлеріне газ қостырып алады.Ақшаны алған компания газды сырттан қосып беріп, көзді құртады.Араға бірнеше ай салып «ҚазТрансГазАймақ» мекемесінен мамандары сіздің үйіңізге газ заңсыз қосылған, сіз мемлекеттен көгілдір отын ұрлап, отырсыз дейді. Дәл осы жерде тұрғындар алданғандарын бір -ақ біледі.Дәл осылай есеңгіреп отырған бірнеше үйді «ҚазТрансГазАймақ» мекемесінің мамандары біздің көзімізше көгілдір отын көзінен айырды.2018-2019 жылдары «ҚазТрансГазАймақ» барлығы 122 үйді көгілдір отыннан айырыпты. Сол баяғы үйге газды заңсыз қосты деген себеп.Үйге газды заңсыз қосу қауіпті дейді мамандар.Техникалық талаптар, ережелер сақталмағасын қай кезде қандай қауіп боларын бір Құдай біледі. Мысалы 2018-2019 жылдары үйлеріне заңсыз газ тарттыру салдарынан 17 адам уланып қалса, екі адамның өлімі газден келіпті.Мұндай деректерді келтіре беруге болады. Бір өкініштісі мердігер компаниялар адамдардың аңқаулығын пайдаланып отыр. Адамдар ауызша келісімге келіп, ақшаны санап беріп қарап отырады. Олардың қолында ең керегі келісім шартта жоқ, айналып келгенде мердігер компаняның әрекеті заңсыз деп соттың да алдына бара алмайды тұрғындар.Себебі олардың қолында ешқандай құжат жоқ.Арнайы келісімшартқа отыру деген біздің қазекеннің түсіне де кірмейді.
Таяқтың екі ұшы болатын секілді бұл жерде мәселе екі жақты. Әркімнің үйіне газ тартумен айналысып жүрген мердігер компаниялар неге жауапқа тартылмайды. Неге олар тұрғындардан 500-600 мың теңгені алып, қалтаға салып алып тайрандап жүре береді. Олар салық төлемей ме? Егер салық төлейтін, заңды мекеме болса неге келісімшартқа отырмайды, неге жұмысты аяғына дейін апармайды.Ал әзірге бұл сұрақтарға жауап берер адам жоқ, тақырып ашық күйінде қалып отыр. Бір ғана мәселені атап өтеміз үйіңізге газ тартарда міндетті түрде арнайы келісімшартқа отырыңыз және мердігер компаняның атауын, құжаттрын толық талап етіңіз әйтпеген күнде сотқа шағымдана алмай қаласыз. Әзірге ешқандай мердігер компания жауапқа тартылған жоқ, бірақ тұрғындардың үйінен газ айыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүре береді, ал жауапты адамдар қашан жауапкершілікке тартылатыны белгісіз.

 

 

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.