0:00 / 0:00
Биыл батысқазақстандық кәсіпкерлер үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға 47 миллион теңге бағытталған. Аталған қаржы «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген. Бұл жолы ауыл шараушылығы салаласындағы жобаларға маңыз берілген. Ұсынылған 186 жоба талқыланса, соның 20-сы мақұлданған. Бүгінде кәсіпкерлер есепшоттарына қаражат аударылып, олар шаруашлыққа қажетті құрал-жабыдықтарды алуда. Сондай -ақ, «Жастар жылы» аясында қоғамның осы тобына айқын басымдылық берілуде. Мәселен, өз ісін бастауға бекінген жастарға 45 миллион теңге қайтарымсыз грант қаралған. Байқау қыркүйек айында өтеді дейді сала мамандары. Нәтижесінде 16 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.