Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жемқорлықпен күрес

c 17:29, 16/07/2019 c 690

0:00 / 0:00

Сыбайластық, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық. Оған тосқауыл қоюдың жолдары қандай? Орал қаласында алғаш рет ұйымдастырылған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп" шарасында осы мәселелер кеңінен сөз болды. Осы тақырыпты толықтай зерттеп, зерделеп жүрген халықаралық сарапшылар Жайық жеріне ат басын бұрыпты. Олар өңірдегі азаматтық белсенділер, БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен заңгерлермен жүздесіп, жемқорлыққа тойтарыс берудегі ең оңтайлы жолдарын ортаға салды.

Биыл 800-ден астам қазақстандық "сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектептен" тәлім алуда. Дәріс төрт бөлімнен тұрады. Сарапшылар сабақтың алғашқы бөлімінде халықаралық қауымдастық өкілдері сыбайлас жемқорлықпен қалай күресуде екендігін айтып, бұл жұмыс біздің елде қандай дәрежеде атқарылып жатқандығын баяндады. Сондай-ақ, шара барысында дәріс тыңдаушылар биыл алғаш рет өз жұмысын бастаған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектептің" оңтайлы шешімдерімен танысуға мүмкіндік алды.

Сарапшылар жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күресудің екі жолы бар екендігін айтады. Бірі жазалау болса, енді бірі қылмыстың алдын алу. Елімізде екінші нұсқасы қолданылып келеді. Мәселен Тайландта жемқорлыққа жол берген азамат өлім жазасына кесіледі. Ал, мұндай жазаны Қазақстанда қолдану тым ауыр деп есептегендіктен, қылмысқа барған азаматты соттап немесе айыппұл салып, оның бар мүлкін тәркілейді.

Жемқорлықпен күресудің алғышарттарын бұқара түсіндіру шарасы келешекте еліміздің өзге өңірлерінде де жалғасатын болады дейді ұйымдастырушылар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.