0:00 / 0:00
Облыс әкімі Теректі ауданының тұрмыс-тіршілігімен танысты. Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында Ақсуат ауылында орналасқан мектепке табан тіреді. Білім ошағы өткен ғасырдың 84-ші жылы салынған. 35 жылдан бері аталмыш мектеп күрделі жөндеу көрмеген.
Теректі ауданына қарасты Ақсуат ауылында орналасқан мектептің іргетасы осыдан 35 жыл бұрын қалаған. Бүгінде білім ошағында 280-нен астам оқушы білім алады. Өткен ғасырдың 84 жылы салынған ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.
Білім ордасындағы өзекті мәселе бірнеше мәрте әкім есебінде көтерілген. Қазіргі таңда бірінші кезекте мектептің жылыту қазандықтары орналасқан ғимаратты жөндеу керек.
Сондай-ақ, мектептің спорт залының жағдайы да мәз емес. Оқушыларды сауалатты өмір салтына тәрбиелейтін залдың терезелері ашылса жабылмай, жабылса ашылмайды.
Күрделі жөндеуді талап ететін мектептің тұрмыс-тіршілігімен танысқан облыс әкімі Теректінің активімен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі атқарылатын жұмысты жіпке тізіп, келешектың жоспарын баяндап берді. Сондай-ақ, жиын барысында ауыл тұрғындары өңір басшысына базынасын жеткізді.
Жиында сөз алған облыс әкімі ауданның хал-ақуалына тоқталып, бизнесті дамыту керектігін еске салып, тиісті тапсырма жүктеді.