0:00 / 0:00
Құтқарушылар Шалқар көлінен 2 кәмелет жасына толмаған және 2 ересек адамды құтқарды. Оқиға кеше Теректі ауданына қарасты Сарыөмір ауылында орын алған. Төтенше жағдай қызметіне хабарласқан азаматтар үрмелі қайықты жел белгісіз жаққа алып кеткенін айтқан. Құтқарушылар адасқан қайықты жағадан алты шақырым жерден тауыпты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Сала мамандары суда қайғылы жағдайға жол бермес үшін, қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.