0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында тағы да балықшы суға кетті. Қайғылы оқиға Жаңақала ауданы Жаңаталап ауылында орын алды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарының таратқан мәліметіне қарағанда, 7 шілде күні сағат 10.30-да Еділсор өзенінен 1979 жылғы ер адамның мүрдесі шығарылды. Марқұм 5 шілде күні балық аулап жүріп суға батып кеткен. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Еске сала кетейік, жыл басынан бері 20 адам аталған тілсіз жаудың салдарынан өмірімен қоштасқан. Төтенше жағдайлар департаменті балық аулау кезінде сақ болу қажеттігін ескертеді.